
70x30-дың уақыты жетті
Бүгінде екінің бірі бос уақытын көгілдір экран алдында өткізітені жасырын емес.Оған ұялы телефон арқылы ертелі-кеш радио тыңдайтын қала жастарын қосыңыз.
Елімізде оннан аса телеарна мен оннан аса радио жұмыс істейді.Солардың барлығында-орыс тіліндегі бағдарламалар мен Батыс әндері.Халық санының жетпіс пайызын құрасақ та,қазақ тілінде берілетін кинофильмдер мен бағдарламалардың үлесі көңіл көншітпейді.Жалғыз Ұлттық арна мен Қазақ радиосы қазақшаға сусап отырған сегіз миллион қазақты қанағаттандыра алмаса керек.Тәрбиенің басты құралы саналатын телерадио басшыларына халық санағының қорытындысы әсер ете қоймаған сияқты.
Жастарға «неге қазақша сөйлемейсіңдер?» деп ренжиміз.Естіп көргендерінің бәрі бөтен тілде болса,олар қайтпек? Сондай-ақ аудандарымызға телерадиомыздың төрттен бірі ғана жетеді.Алматыдай үлкен қаланы айтпағанның өзінде ,солтүстігіміз орыстанып,оңтүстігіміз өзбектеніп барады.Телерадиомыздың өрісін кеңейтіп,қазақшаның үлес салмағын жетпіс пайызға жеткізсек,шала қазақтарымызбен қоса кешегі халық санағы көрсеткен отыз пайыз отандастарымызды қазақыландырып алудың ауылы алыс емес.Бір ғана мысал,Мақтаарал ауданының 300 мың халқының жартысынан көбі өзбек тілінде еркін сөйлейді.Оларға өзбек тілін өзбек келіп үйретпейді.Оларды сол тілге уйреткен-солардың телеарналарынан көрсетіліп жатқан өзбек тіліндегі шетелдің қызықты сериалдары мен радиосынан берілетін әндері.
Әр арнадан қазақша хабар іздейтін,радионың құлағын бұрап,қазақ әндерін тағы іздеп әлекке түсетін қазақ үшін 70x30 саясаты қажет-ақ.
Жас Алаш,№37,7 мамыр 2009 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇