21.04.2025
  32


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

                 Сақал қойған жастарымыз көбейіп бара жатыр

 


 


    Қазіргі күні жағы мен иегін тұтас жапқан сақалы бар өрімдей қазақтың жігіттерін немесе крест тағынған қыз-бозбалаларды кездестірсек,таңданбайтын да болдық.Кітаптары мен үнқағаздарын үздіксіз тықпалайтын Батыстың сектанттарына да етіміз үйреніп кеткендей.


     Бүгінде намаз оқитын иманды жастарымыз көбейді.Қуанарлық жайт.Бірақ сол жастарымыз қоғамнан бөлектеніп бара жатқан жоқ па?Елдің дамуына үлес қосатын нағыз дер шағында тақуалық жолға түсіп,қолдарына таспиқ ұстап мешіт жағалап,діннің тұңғиығына бойлап кеткен сияқты.Жасы отызға толмаған жігіттеріміз сақал қойып,мектеп жасындағы қыздарымыз бет-аузын тұмшалап, ұлттық болмысымыздан ажырап бара жатқандай.


     Әкесі тірінің сақал қоюы қазақта болмаған.Ал біздің жастарымыз  «нағыз мұсылман сақал өсіруі керек» дейді. Ұлттық болмысымызбен санаспайтын «ұстаздардан» сабақ алған сабаздардың сөзі бұл.Бет-аузын түгел жүн басқан сақалды топтарды көргенде,балаларымыз түгілі өзіміз қорқамыз.Алдыңды орап,кәлима қайтарып,дін туралы дерек айтып,үгіт жүргізген қылықтары да тым ерсі.


      Еліміздің болашағы жастарда дейміз-ау,ал олар бұл дүниенің емес,о дүниенің қам-қарекетімен жүргендей.Бәрін де көре жүріп,бәріне көне жүріп ұлттық болмысымызды жоғалтып алмасақ игі еді, әйтеуір...


                                                                               Жас Алаш,№33,23 сәуір 2009 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу