
“Қызыл өрiк” Қырғыз әндерiне қазақ әншiлерi неге “жерiк”?
Бiр тойда қырғыз ағайынмен дастарқандас болдық. Би кезегi келгенде жастар Ақылбек Жеменейдiң орындауындағы «Қызыл өрiк» әнiне биледi. Ән үш мәрте қайталап қойылды. Сонда қырғыз маған жымия қарап: «Бұл – бiздiң ән ғой, бiлесiз бе?» – дедi мақтана. Әннiң мәтiнi қазақша, орындаушысы қазақ бола тұра, қапелiмде аузыма сөз түспедi.
Қазiргi қазақ эстрадасының жұлдыздары санайтын қалың шоғырдың көбi өзге елдiң әнiне қазақы өң берiп, өзгертiп шырқауға машықтанып алды. «Мына ән тәуiр екен» деп тыңдай қалсаң, түп негiзi өзбектiң, қырғыздың, түрiктiң, алыстағы үндiнiң туындысы болып шыға келедi.
Неге екенiн қайдам, қырғыз елiнiң әндерiн бiздiң орындаушылар шырқаса, бiрнен-бiрi өтер «хит» болыпшыға келедi. Мәселен, қырғыздың әншiсi Iлияс Әбдiразақовтың «Жаным-ай» әнi Бейбiт Қорғанның орындауында «Шоқ қыздар» деген атпен кең таралды. Мирлан Байекенов, Айгерiм Расұлқызының орындауындағы «Қызыл өрiктi» елiмiзге әкелiп едi, Ақылбек Жеменей жұрттыңа узында жүретiн болды. Қазақтың тойы бүгiнде осы әнсiз өтпейтiн шығар.
Қазақ әнi өзге елде «хит» болса да, бұлай насихатталмайды. Өйткенi басқа мемлекетте ұлттық намыс басым.
Тыңдарман ретiндей айтарым, өзгенiң қаңсығына таңсық болуды доғарған жөн. Ат төбелiндей аз ғана тыңдаушыңды табиғатыңа жақын әнмен тербеуден асқан құрмет жоқ.
Әндi қызғанбайсың ғой, әншiлерiмiз өздерi орындаған әнде әр ұлттың рухы, тарихы жататынын бiлсе екен, талғамы биiк тыңдарманын қазақ әнiмен сусындатса екен.
ЖасАлаш №82 (15748) 16 қазан, сейсенбі 2012
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇