21.04.2025
  36


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Құмар ойын құрдымға құлатады

 


                      


 


      Кезiнде карта ойнап отырғанымызды көрген әжелерiмiз “Тәйт, шошқаның iшегiн аршымай! Құмар ойынның күнәсi ауыр” деп зекiп тастаушы едi. Нашақорлық, iшiмдiкке салыну дертiнен кем түспейтiн құмар ойын ойнау қанымызға сiңiп бара жатқандай. Ойынның бұл түрi ауырдың астымен, жеңiлдiң үстiмен жүруге бейiмделген жастарымыздың санасын улап жатыр.


Қазiр елiмiздiң қай өңiрiне барсаң да “Кено” ойындары мен “Букмекерлiк кеңсе” деген қаптап кеттi. Ойын автоматтарының жанынан өтiп, букмекерлiк кеңсеге кiрiп қалсаң, жас демей, кәрi демей бәс тiгiп жатады. Әр ойынның өз ерекшелiгi болады екен. Ал ойынға араласқан адамның мақсаты – жеңу. Жеңiлiс тапқандар ашу-ызаға булығып, түрлi арам ойларға ерiк берiп жатады. “Жығылған күреске тоймайды” демекшi, ұтылған ақшасын қайтару үшiн қайта-қайта үдете ойнап, бiр айлық жалақысының басына су құйғандар қаншама?!


     2007 жылы “Ойын бизнесi туралы” заң күшiне енiп, казинолар жойылған сияқты едi. Сөйтсек, барлық құмар ойын мекемелерi Қапшағайға көшiрiлiптi. Ол аздай, қазiр оңай жолмен ақша тауып үйренгендер заңмен рұқсат етiлген “Кено автоматтарын”, “Букмекерлiк кеңселер” ашып, өз iстерiн дөңгелетуде. Осы орайда құмар ойынға құмартып, күнәға батыратын кеңселердi жабатын, адамдарды азғындықтан қорғайтын заң керек деп ойлаймын.


  


Жас Алаш №78 (16160) 29 қыркүйек, бейсенбі 2016                                                                                              


  Егемен Қазақстан №85 12.01.2017                                                                                                            


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу