file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  21.04.2025
  38


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

                 Қамшының дәмiн татқан бала ендiгәрi ұрлық жасамайды

 


 


 


 


  


        Бұл күнi елiмiзде жең ұшынан жалғасқан жемқорлық өршiп тұр. Мемлекеттiң мүлкiне қол салудың түрлi тәсiлiн меңгерген қолы сұйық “супер” шенеунiктер ескерткен сайын есi жоқ баладай есiрiп барады. Бала демекшi, әр адам ұрлықты жас күнiнде өз үйiнде ұсақ-түйектi қолды етуден бастайды. Ата-ана тәрбиесi әлсiз болса, уақыт өте әкесiнiң қалтасына түсетiнi де жасырын емес. Өз үйiнде қатал тәрбиеден өткен, қамшының дәмiн татқан бала ендiгәрi ұрлық жасамайды. Ал бұрышта тұрып, кешiрiм сұрап оңай құтылған бала өскен соң, қолы қызметке жетiсiмен арсыз қылығы қайта оянады. Пара алып тұтылғанда өзi сияқты бұрышта тұрғыш ағасына пара берiп, я одан да үлкен ағасынан кешiрiм сұрап оңай құтылып кететiнiн сезедi.


    Әлемде жетпiске тарта мемлекетте өлiм жазасы бар екен. Соның iшiнде пара алу, мемлекеттiң мүлкiне қол салу секiлдi қылмыстарға қатал қарайтын Қытай қылмыскерлердi аямай жазалайды. Қазақстан мұндай ауыр жазаны соғыс жағдайында ғана қолданатын мемлекеттер тiзiмiнде. Швеция, Финляндия, Сингапур сияқты дамыған елдер сыбайлас жемқорлықпен күресудiң тиiмдi жолдарын әлдеқашан тауып қойған. Мем­лекеттiң табысы, кiрiсi мен шығысы, мемлекеттiк сатылымдар, халықаралық деңгейдегi келiсiмшарттар, тендердi кiм жеңдi (уақыты, бағасы, алынған тауар) және тағысын тағылар айна-қатесiз газет бетiне жарияланады.


Елiмiзде 2013 жылы жемқорлық бабы бойынша 182 адам қылмыстық жазаға тартылса, 2014 жылы бұл көрсеткiш екi есеге өскен. Ал Финляндияда жемқорлық бойынша жылына он шақты ғана қылмыстық iс қозғалады екен.


   Қысқасы, тәуелсiздiкке қатер төн­дiретiн жемқорлыққа қатысты ұтымды заң қабылданғанша, ұл-қыздарымыздың тәрбиесiне оң көзбен қарасақ екен. 


 


Жас Алаш №22-23 (16000-01) 19 наурыз, бейсенбі  2015


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу