Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
301

Лала гүл
Лала гүл алаулаған,
Қауызы- жалаулаған.
Сүйікті ісім болды,
Үздігіп қарау маған.
Көңілім қуанғандай,
Исіне құмар қанбай.
Лала гүл құлпырады.
Мен тұрам көзімді алмай.
Үзіліп көп қарадым,
Қиялшыл боп барамын.
Сезбесе гүл сезімді,
Кеудемдемнен тоқтар ағын.
Басылар арыным да,
Бөленіп бәрі мұңға.
Лала гүл түсінбесе,
Сөнер-ау жарығым да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇