Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
285

Қоңырау үні сиқырлы
Қоңырау үні сиқырлы,
Келеді мені жетелеп.
Оқушы болып сүйкімді,
Келемін басып ентелеп.
Тербетіп көңіл бесігін,
Қуантып ата-анамды.
Мектептің аштым есігін,
Қабыл ал ұстаз, балаңды!
Аламын төрт пен бестігін,
Танимын хат пен ғаламды.
Ақылын тыңдап естінің,
Білдірем мен де бағамды.
Секілді менің бар бағым,
Қараймын сырлы әріпке.
Кеудемді кернеп арманым,
Құшағымда әліппе!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇