Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
21

Жек көремін
Жек көремін-
Жеткізбеген анама күре жолды.
Бақұлдаса алмадым, жүрек тоңды,
Разылығын бермек боп көп күтіпті,
Маған арман-айтылмаған тілек соңғы.
Жек көремін-
Сүріндірген сол кезгі уақытты да,
Қуаныш пен ендігі бақытты да.
Анам мені келеді деп,жан беріпті,
Ұзақ қарап есікке жатыпты да.
Жек көремін-
Қоштасқанды, шығарып салғанды да,
Жақыныңнан айырған жалғанды да,
Уақытылы жетем деп жете алмай,
Ең соңынан кешігіп барғанды да.
Жек көремін-
Мұндай қайғы тағдырым жазар ма еді?!
Кешікпеймін, кешіргей анам мені.
Шығарып та салмаймын туғанымды,
Қоштаспаймын ешкіммен содан бері.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇