Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
78

Асыл ана, сен менің жанашырым
Адамдықтың қаласып қалашығын,
Келесің-ау арқалап дана жүгін.
Татымайды жүз досым бір өзіңе,
Асыл ана,сен менің жанашырым.
Көрмей айды қалсам да көкте,мейлі,
Сенен көңіл, көз жазсам өкпелейді.
Айдың жүзін түк емес бұлт қаптаса,
Ана сүтін таптаған көктемейді.
Сеземін мен көзіңнен күн жылуын,
Маған бақыт көңілді тың жүруің.
Адамдарда мейірім болмақ емес,
Ескермесе ананың қынжылуын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇