Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
25

Әке, ақ түсіпті самайыңа
Әке, ақ түсіпті самайыңа,
Жетті ме кәрілік маңайыңа.
Әжімің тереңдеп кетіпті-ау,
Таланып тағдырдың талайына.
Жан-жарың кеткелі сыр айтпайсың,
Қайнаған тірліктен жырақтайсың?
Жүрсең де сағынып анашымды,
Естелік айтқанды ұнатпайсың.
Жан әке бұл күні жүзің сынық,
«Жақсымын» деп қоясың бір күрсініп.
Сенімді асқар тау болған маған,
Әкені іздеймін мың ұмсынып.
Мен бүгін жаныңда қалайын ба?
Жан едің қарсы тұрған талай мұңға,
Ренжіген баладай отырсың-ау,
Сен құсап құшақтап алайын ба?
Білемін жараңның жазылмасын,
Анамдай бір жанның табылмасын.
Таусылып, өмірге өкпелеме,
Жазмыштың жазуы деп қабылдашы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇