file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  34


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Мен бүгін тағы да жылап қалдым

 


 


Мама,


Мен бүгін тағы да жылап қалдым,


Тізесі  батып болмашы сынақтардың.


Сенің жылы құшағыңа тығылып,


Еркелегім келеді,сыр ақтарғым.


 


Мама,


Саған деген сағыныш басылмады,


Көңілімнің аспаны ашылмады.


Сен екен деп қаламын ана көрсем,


Ыстық тартып жаулығы басындағы.


 


Мама,


Жүргеніңді сеземін жебеп мені,


Жаратқан сенен ерте бөлектеді.


Анасына ұмсынған бала көрсем,


Жаным жылап, жүрегім өбектеді.


 


Мама,


Қабіріңе осылай сыр ақтарам,


Қадіріңе жетпедім ұят маған.


Ана жайлы естісем мұңды әуен,


Жанарыма жас толып жылап қалам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу