Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
23

Жалған сүю қолымнан келмейді
Кетер дегем көңілден, көзден кетіп,
Бекер екен, келді ғой күз де жетіп.
Әр тынысын сезімнің өлеңдетіп,
Қойдым-ау сені де елеңдетіп.
Уақыт шіркін бәріне ем деп еді,
Жүрек дертін мендегі емдемеді.
Күтіп жүрсің білемін сен де мені,
Төзім екен ғашыққа ең керегі.
Шын сүйгендер қосылмас деген де бар,
Бұл сөзді де емеспін елең қылар.
Жалған сүю қолымнан келмейді ғой,
Айналар ем жігітке көрсеқызар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇