Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
24

Мен сені сағынып жүрмін
Мен сені,
Көп ойлайтын болып жүрмін бұл күні,
Кешірерсің мына мендей мұңдыны.
Екеуміздің жолықпады жолымыз,
Болсақ дағы бір қаланың тұрғыны.
Мен сенсіз,
Сарғаямын,өткен ойға оралып,
Жанушы ем жанарыңнан от алып.
Сөніп барам,сүрең тартып кетіпті,
Біз қыдырған бақ та күзге тоналып.
Сен мені,
Сиқырладың,сергелдеңге салдың да,
Сағынып жүрмін салынып сан мұңға.
Сүріндіріп сүйгендерді қоспаған,
Не айтарсың,не айтарсың тағдырға?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇