Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
27

Сағындың ба?
Сағындың ба?
Жанарыңда лағыл мұң,
Ғашықтықтың дерті келер ауыр тым.
Жаным нұрға
Менің де жүр бөленбей,
Жүрегім сыз,
мен де сені сағындым,
Жабықтың ба?
Мұңнан моншақ тағынып ,
Жүрмегесін жаныңнан бір сәт табылып.
Жалықтың ба?
Бір келер деп күтуден,
Көңілім күз,
мен де жүрмін жабығып.
Жыладың ба?
Көзің жасқа малынып,
Махаббаттың жолы қиын жаным ұқ.
Құшағында
Мақпал түннің елжіреп,
Тілек үнсіз,
мен отырмын қамығып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇