Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.04.2025
130

Сағымдай бұлдырадың
Сағымдай бұлдырадың көктемгі таң,
Жарқ етіп, сөндің лезде - тұнжыр бір ән.
Көңілге кіргеніңмен көзге жатсың,
Сезімнің шырағын сен өзің жақтың.
Арай боп боялмадың бұл сезім де,
Көңілім үміт емес, мұң шегу де.
Көңілің көлеңкелі шырақ болды.
Көктем де келмей қойған күз ішінде.
Қол создым, жетпедім, шарам қайда?
Сезімім сарғайып тұр, самал айда.
Өзімнен өзім безіп, сені аңсап,
Қол созуға ендігі дым жоқ ойда…
Сен биікте биік бол кішірмегің,
Күндіз ойда түндерде түсіңдемін.
Тағдырдың жазғаны деп түсінсем де,
Не үшін кеткеніңді түсінбедім.
Ойымның төріндесің, төріндесің,
Өкпеленіп көз жасың төгілмесін,
Байланыста болайын ал бірақта,
Өзің түгіл көлеңкең де көрінбесін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇