Өлеңдер ✍️

Әз Наурыз
Әз Наурыз – бірлігімнің берекеті,
Кенболсын еліміздін керегесі.
Іргесі сөгілмеген қазағымның,
Ырысы төгілмеген мерекесі.
Күн мен түн теңеліп,
Жаң-дүние тіріліп.
Құлпырғандай тршілігі манайымның.
Арқа басы кеңейіп,
Аққа аузы тиген күн.
Жүзінен шуақ шашқан ағайынның.
Бар мұсылман қадыр тұтан ұлыс күнім,
Құт мереке дарытқан шығыс күнім.
Дәмі балдай наурыз көже тартылуда,
Жадыраған бар ағайын, туыс бүгін.
Түрленіпте алам, жаңарып,
Үміт отын жаққан күн.
Жаңа күннің, жаңа жылдың бастауы,
Думанменен таным атқан күн.
Татулықтың жылы болсын,
Байқалған гүлдей жайнап,
Әр шаңырақ жайқалған.
Жаратқанға шүкірлік,
Жақсылықтын нышаны,
Наурыз тойын қазағыма қайтарған.
Күн мен түн теңеліп,
Жаң-дүние тіріліп.
Құлпырғандай тршілігі манайымның.
Арқа басы кеңейіп,
Аққа аузы тиген күн.
Жүзінен шуақ шашқан ағайынның.
Түрленіпте алам, жаңарып,
Үміт отын жаққан күн.
Жаңа күннің, жаңа жылдың бастауы,
Думанменен таным атқан күн.
Айтбек Рымбекұлы Әліпов,
Астана қ. 21 наурыз 2025ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇