Өлеңдер ✍️
Қоштасу
Шешесінің қызымен қоштасуы
—Қарағым-ай,
Халқыңа қалаулы бол,
Еліңе елеулі бол!
Ертемен ерте тұрарсың,
Түндігіңді ашарсың,
Сиырыңды сауарсың,
Малыңды өріске айдарсың,
Самаурыныңды қоярсың,
Сүтімді сонда ақтарсың,
Қарағым-ай, не айтайын,
Енді жат жұрттық болғансын.
Інісінің апасымен қоштасуы:
Сылдыр-сылдыр қамысқа,
Сырғаң түсті, жар-жар-ау!
Сырғаң түскен жерінен
Тарғақ ұшты, жар-жар-ау!
Апам үшін қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау!
Апам үшін қайыспай
Қалай болар, жар-жар-ау!
Қайыр қош боп тұрарсың,
Жан бауырым, жар-жар-ау!
Жеңгесінің қоштасуы
Сылдыр-сылдыр қамысқа,
Сырғаң түсті, жар-жар-ау!
Сырғаң түскен жерлерден
Тарғақ ұшты, жар-жар-ау!
Сырласпаған жат елге
Бикеш кетіп барады-ау!
Қолымдағы бикешім—
Қос жүзігім, жар-жар-ау!
Қос жүзігім қолымда
Майысады, жар-жар-ау!
Сен кеткенге қабырғам
Қайысады, жар-жар-ау!
Қош-есен бол, бикешім!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇