Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.03.2025
19

Сыңсу - Әкесіне айтқаны
—Көк көйлек кидім төкпелі,
Мен әкеме өкпелі.
Өкпелі болмай қайтейін,
Бір жыл маған көп пе еді?
Есіктің алды жапырақ,
Жапырақ жатыр жалтырап.
Әкем берем дегенде,
Жүрегім ұшты-ау қалтырап.
Базардан келген матадай,
Бүктеп бір қойсаң жатады-ай.
Ішінен шыққан баласын,
Малға да қиып сатады-ай.
Жағада шапан қинайды-ау,
Жат елге барсам, сынайды-ау.
Сынаса, сынға қалам ба,
Үйдегідей болам ба?!
Әуеде ұшқан сонадай,
Солқылдап жерге қонады-ай.
Жастай мені бердіңіз,
Заманым қандай болады-ай?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇