Өлеңдер ✍️

  21.03.2025
  15


Автор: Сыңсу

Сыңсу

—Ақ үйдің сәні дөдеге,
Ақсұңқар ілер бөдене.
Айналайын, жан әке,
Сенсіз сәнім келе ме?
Есік алды қара ағаш,
Қабығын алсам, жалаңаш,
Мен жыламай кім жылар,
Әке бір кәрі, бауыр жас.
Қарқара бойлап,
Мұңайып ойлап,
Барамын кісі еліне нәсіп айдап.
Қара суды жағалай қаз барады,
Анасынан айырылған қыз барады.
Қара суға қан құйсаң, ағар, кетер,
Жат кісіге қыз берсең, ала кетер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу