file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.03.2025
  16


Автор: Сыңсу

Сыңсу

—Алтын да менің босағам,
Аттап бір шығам деп пе едім...
Күміс те менің босағам,
Күңіреніп шығам деп пе едім?!
Қарағай ма екен, тал ма екен,
Талдан да биік бар ма екен?
Үйде бір жүріп, түзде өлген
Қыздан да мұңлық бар ма екен?!
Қалайы сандық кілтім-ау,
Жылама дейсің, жұртым-ау!
Жыламай қайтіп шыдайын,
Барасың қалып, жұртым-ау?!
  Тоғайға құрған тұзағым,
Үйім ғой менің ұжмағым.
Ұжмағым демей, не дейін,
Қайран қалды-ау оң жағым.
Қайран ауылым қалады-ау,
Қарасам, көзім талады-ау.
Әлпештеген ел-жұртым,
Жылай да жылай барам-ау!
Бұлғақтап жүрген заманым,
Білмей де қалдым өтерін.
Малға мені сатқандай,
Мен жұртыма жау ма едім?!
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім.
Дәуренім менің өткен соң,
Естіле жүрер дейсіз бе,
Не болып жүрген хабарым!
Заманым қиын болар-ау,
Көкірекке қайғы толар-ау,
Санамен жүзім солар-ау!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу