Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.03.2025
13

Сыңсу
—Қара суды жағалай қаз барады,
Анасынан айрылған қыз барады.
Қара суға қан құйсаң, ағар, кетер,
Жат кісіге қыз берсең, алар, кетер.
Аққу көнбес ешкімнің байлауына,
Қайтар ән сап қалықтап жайлауына.
Қыздан сорлы бар ма екен, Тәңірім-ай,
Мал бергеннің кетеді айдауына.
Уылжымай ақша бет қуарсайшы,
Мөлдіреген екі көз суалсайшы.
Бір жаманға қор болып кеткенінше,
Өліп қана, қыз сорлы, уансайшы!
Неге өсті екен қыз сорлы сылауменен,
Тал шыбықтай тал белін қынауменен!
Анасынан онан да тумасайшы,
Өксігенше өмірі жылауменен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter