file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  21.03.2025
  11


Автор: Сыңсу

Сыңсу

Көк шымылдық көтерші, көрсін әкем,
Көзінің жасын көл етіп төксін әкем.
Көзінің жасын көл етіп төге салып,
«Міндетімнен құтылдым» дерсің, әкем.
Текеметке түр салдым талдырмаша,
Менің көңілім, әжеке-ау, қалдырмашы.
Менің көңілім, әжеке-ау, қалдырғанша,
Әдіре қалсын, ақ жаулық салдырмашы.
Көк шымылдық көтерші, көрсін ағам,
Көзінің жасын көл етіп төксін ағам.
Көзінің жасын көл қылып төгіп болып,
«Қыздың жолы осылай» дерсің, ағам.
Жылай кетіп барамын, қош бол, елім,
Кіндік кесіп, кір жуған туған жерім!
Ұлдай етіп, жеңеше-ай, күтуші едің,
Нендей ғана жазығым болды менің?!
Күн бола ма қыз байғұс жыламайтын,
Көзінің жасын еріксіз бұламайтын.
Әке-шешем жалтақтап би-болыстан,
Қыз теңіне лұқсат сұрамайтын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу