Өлеңдер ✍️

  20.03.2025
  121


Автор: Сыңсу

Сыңсу

—Есіктің алды күрке еді-ау,
Күркеден атым үркеді-ау.
Бермеймін деген ағалар
Басыма жаулық бүркеді-ау.
Есіктің алды тал дейді-ау,
Талдан да биік бар дейді-ау.
Өз елінен айрылған
Қыздан да сорлы бар дейді-ау.
Ей, бүрлен-ау,
Айрылттың, Құдай, елден-ау.
Аға, жеңге, бауырым-ау,
Қош-аман бол, ауылым-ау!
Үкі тақтым бұлғақтап,
Күн жауады-ау сырғақтап.
Үкі тұрмақ, жүн қайда,
Үйдегідей күн қайда?!
Есіктің алды томаша,
Орамал шеті бүрмеше.
Мен айналып келгенше
Қош-аман бол, жеңеше!
Жүруші едім бір қыздай,
Маңдайға таққан құндыздай.
Енді кетіп барамын,
Үркерден қашқан жұлдыздай.
Есіктің алды қара жер,
Жан қимай ағар тер.
Бермеймін деген ағалар
Көзімді қалай қия алар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу