Баталар ✍️
Беташар
—Келін, келін, келіңіз,
Келіп үйге еніңіз.
Мынау сіздің үйіңіз, Иіліп сәлем беріңіз!
Айт, келін-ау, айт, келін,
Атыңның басын тарт, келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін,
Ел жұртыңа жақ, келін!
Келін, келін, келіншек,
Болмашы, сірә, еріншек.
Алдыңғы түйең тартыншақ,
Артқы түйең итіншек.
Өзің жатып еріңді,
Тұр-тұрлама, келіншек.
Беті ашық деп өреден,
Құрт ұрлама, келіншек!
Отқа барған жеріңде,
Отырып қалма, келіншек.
Суға барған жеріңде,
Сусылдама, келіншек!
Үлкендерді көргенде,
Былқылдама, келіншек.
Арзымасты сылтау қып,
Қыңқылдама, келіншек!
Әзіл-шыны аралас,
Барлығына құлақ ас.
Ұқпасаң, егер, осыны,
Жас келін бізге ұнамас.
Жұбыңа жүрме қосылмай,
Көңілің жүрмес тасымай.
Келін, келін, келіңіз,
Келіп үйге еніңіз.
Көрімдігін беріңіз,
Атын айтып беріңіз.
Осы үйдегі енеңе,
Иіліп сәлем беріңіз!
Ауылымыздың ағасы,
Елтір тонның жағасы,
Атаңызға бір сәлем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇