file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Баталар ✍️

  20.03.2025
  32


Беташарға бата

—Беташар жұртым қалаған,
Айт десе, бойын балаған.
Қапияда сөз таппай,
Қиындау болды қайтейін,
Ойлап бір келмей даладан.
Үйдің іші толып тұр,
Қатын менен баладан.
Бәріне бірдей зат жетпес,
Қоғалы істен қаладан.
Ал, келінжан, ал келін,
Лебізі шекер, бал келін,
Азғантай үгіт айтайын,
Құлағыңды сал, келін.
Білсең бір үгіт-насихат,
Білімді болсаң, айтамын,
Айтпай бір кету бізге өлім.
Айтпай босқа қайта алман,
Қатында да тұлпар бар,
Ат туғандай байталдан.
Балапан болсаң тым жақсы,
Сары уыздай шайқалған.
Жорға болсаң тым жақсы,
Төрт аяғың тайпалған.
Қалмас бір мүлтік жел сөзде
Біз секілді сайқалдан.
Жұртым отыр өзіме,
Дидарлы болып сөзіме.
Жұртым, талас болмағын,
Орамал берген бөзіме.
Мен сөйлесем, кетермін,
Ақ бөкендей өрмелеп.
Тұсыңа келген адамдар
Қарап бір қалмас бой балап.
Пұлсыз алған бір өнер,
Алмағын сатып саудалап.
  Бұл сөз алған өнердің,
Соңынан түсіп көп ердім,
Қадірі бар ма халыққа,
Қолдағы шешен, шебердің.
Тек көргенім сіз емес,
Ашпадым бетін нелердің?!
Тағзым етіп атаға,
Құрмет етіп анаға.
Иіліп сәлем етпек бар,
Соған таман келерміз.
Ата-анадан туған соң,
Білгін барын өнердің.
Атқа бір мініп ар алған,
Асыл бір сойдан жаралған.
Ақтан жиған нәсібін,
Аузын тиған харамнан.
Осыным болмас залалдан,
Сол атаға бір сәлем!
Мен айтамын ақылын,
Ақыл бір айтсын ақының.
Айтса айтқандай ақының,
Алыста-ай емес, жақының.
Досыңнан дұшпан көп болар,
Абайлап басып, сақының.
Ашулы болса, сөйлеме,
Артынан айт ақырын.
Абайласаң асқары,
Таудан биік бастары.
Өз теңінен артылып,
Өрге бір жүрген тастары.
Ортаға халқым алған соң,
Бұл қадеттен қашпадым.
Қарап бір тұрсам тым жақсы,
Келіннің бетін ашқаным.
202 ғұрыптық фольклор
Хан қасында ханымдай,
Көздің жақұт шамындай.
Болмаңыз әсте залымдай!
Перзент бергей Құдайым,
Қарайып тұрсын жаныңда-ай.
Ертеңді-кеш жатады,
Төрден қонақ арылмай.
Сол қонақты атқарғын,
Күлімдеп әркез тарылмай.
Қолыма келін алсам деп,
Соны көріп өлсем деп,
Көп тартқан сенің зарыңды
Сол енеңе бір сәлем!
Ана бір тұрған қайын ағаң,
Шай ішіп, шекер шайнаған.
Сәскеде тұрып шай ішіп,
Шаруасын жайлаған.
Атының басын қаңтарып,
Кешке дейін байлаған.
Алалы жылқы айдаған,
Көшсе қызыл, жасыл боп,
Кереге нарды байлаған,
Еш қызыққа тоймаған
Қайын ағаңа бір сәлем!
Әне бір тұрған інісі,
Қайын інісі—мұның қай кісі?
Ағам қатын алды деп,
Жылмаңдайды байқұсы.
Қызықты нәрсе іс көрсе,
Сізге келер айтқысы.
Інісіне бір сәлем!
Әне бір тұрған бикешің,
Жібектен ескен шүйкесін.
Жылтыр қабақ, бал тамақ,
Балдырған белі үзілген,
Екі көзі сүзілген,
Күміс моншақ тізілген,
 Көрген жігіт кіжінген,
Айырған кекіл, ақ маңдай,
Маңдайға біткен бақ қандай,
Көргенді қатын тапқандай,
Айтқан сөзі мақпалдай.
Бикешіңе бір сәлем!
Әне бір тұрған жас қатын,
Абысын болар ол сізге,
Шамаң келсе тату бол,
Бір-біріңе дақ салмай.
Тату боп жүргін, келіндер,
Қыл өтпестей арадан.
Абысынға бір сәлем!
Базардан келген бөзім-ай,
Бөз өлшеген кезім-ай.
Ибалы тұрған, келінжан,
Сәлем етші өзіме-ай,
Келді енді кезім-ай!
Астыңа мінген қаракер,
Қаракер аттың жалын өр.
Міндетіңнен құтылдың,
Келінжан, енді жүре бер.
Осы отырған көпшілік,
Беташарым шешіп бер.
Жанғалақтап айта алмай,
Екі беттен шықты тер.
Астыңа мінген кер еді-ай,
Бір орамал береді-ай,
Әлеуметтер, дәметпе,
Мен сүртейін терімді-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу