file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Баталар ✍️

  20.03.2025
  23


Беташардан кейін айтылатын бата

—Келін, келін келіп тұр,
Келіп үйге еніп тұр.
Қайын жұрты, халқына


Иіліп сәлем беріп тұр.


Үйдің іші толы адам
Бәріңді келін көріп тұр.
Көргенменен танымай,
Қайсысы алыс, кім жақын,
Сол жері көңілін бөліп тұр.
Көрімдік берсе көп адам,
Талай мал әзір болып тұр.
Қайынаға, қайны, қарт ата,
Сараңына кез қылмай,
Мырзасына жолықтыр.
Не қылсаң, халық, өзің біл,
Жат елден келіп жас келін,
Жаңа мейман болып тұр.
Келін келді, көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Жат елден келіп жас бала,
Жаңа көрген еліміз.
Әуелі бастан, ақсақал,


Үміт еткен жеріміз.
Берер берсең, жылдам бер,
Келінмен бірге қосылып,
Түрегеліп отырып,
Ауырмасын беліміз.
Нар берсеңіз, мая бер,


Үстіне кілем жая бер.


Одан артық айтуға
Еркін келмес ебіміз.
Маяның дауысын есітіп,
Қаша көрме, көбіңіз.
Не берсең, ырза келіншек,
Қыстаймыз ба сені біз?
Ақсақалдан құр қалсақ,


Оңай болмас кебіміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу