Баталар ✍️
Баталар ✍️
20.03.2025
16
Беташардан кейінгі бата
—Келін, келін, келіңіз,
Күтуде сізді еліміз.
Жиналған үлкен-кішіні
Анықтап байқап көріңіз.
Астана аттап келген соң,
Осы ел сіздің еліңіз.
Жайдары жақсы келінге
Босаға емес төріміз.
Тосырқап жүрме жатырқап,
Жәудіреп қара көзіңіз.
Ізет-құрмет жарасар,
Ерке жанды өзіңіз.
Әр қимылың, келінжан,
Сынауда жүрер кезіңіз.
Үріп-әдет, салт-сана,
Бұған да көңіл бөліңіз.
Есіткенде бал татсын,
Әдеппен айтқан сөзіңіз.
Тұрмыста болар кей жағдай,
Елең етпей көніңіз.
Қиын-қыстау кезеңде,
Сабырлы болып төзіңіз.
Отау құру әр жасқа
Жауапты міндет, біліңіз.
Қосылған мынау жұбайың,
Қатарың да теңіңіз.
Аңсап күткен ата-ана,
Ізетпен көңіл бөліңіз.
Құрметіне жұртыңның
Иіліп сәлем беріңіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter