Баталар ✍️

  20.03.2025
  18


Беташардан кейінгі берілген бата

—Ақ келін-ау, ақ келін,
Көңілі таза, пәк келін.
Сені, міне, күтіп тұр,
Ақ желегіңді ашайын,
Асыл да жүзін көріңдер.
Қаумалаған көпшілік,
Жастарға бата беріңдер!
* * *
—Келін келді, есік аш,
Жамандарың кейін қаш.
Жақсыларың ақыл қос,
Иіліп сәлем беріп тұр,
Енесі тұрып шашу шаш!
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Бетіңді сенің ашуға
Таласып едім даладан,


 


 Күтіп жаттым сағадан.
Келіншек сіздей көп алдық,
Жетіру мен тамадан.
Тегім тойған баламын,
Шамадан артық сұраман.
Жақсы орамал тартсаң да,
Көп көрмеспін жағадан.
Әйди-ау, әйди, ақ келін,
Ата-енеңе жақ келін,
Атаң малын бақ келін!
Ертеңменен тұр, келін,
Малдың басын бұр, келін.
Бетің-қолың жу, келін,
Беліңді қынай бу, келін!
Ертеңменен түндік аш,
Шыға көрме жалаңбас.
Егер шықсаң жалаңбас,
Халыққа ісің ұнамас,
«Мұның не?» деп сұрамас.
Сені қылар келемеш,
Төңірегің елемес!
Көлбеңдеме, келіншек,
Көлбеңдейтін жер емес.
Мен айтамын үгіттеп,
Әрбір саққа түсіртіп.
Табаныңнан таусылып,
Кете көрме ұмытып!
Үлкендердің тұра көр,
Дәрет суын жылытып.
Келін келді-ау алыстан,
Өз елінде жүргенде,
Үйін санап танысқан.
Жаңа түскен келінсің,
Мінезің таста-ай, шалысқан.
Жақсы болсаң, шырағым,
Қайтып келген малымсың.
Жаман болсаң, келіншек,
Жанып тұрған жалынсың.
 Жақсы болсаң, келіншек,
Арқаға киім жабарсың,
Қағып көрпе саларсың.
Аттанып түзге кеткенде,
Ақ ниетпен отырып,
Шаруа бағып қаларсың.
Шаруаға, келін, жақсы мал—
Сиыр менен қой болар.
Күнде сойсаң біреуін,
Күнде базар, той болар.
Жақсы болсаң, шырағым,
Сойған қойдың терісі
Бір балаға бой болар.
Жаман болсаң, келіншек,
Әр ағаштың түбінде,
Әр төбеттің аузында,
Тамам итке жем болар.
Шаруаға, келін, жақсы мал—
Жылқы менен түйесі.
Жақсы болсаң, келін-ау,
Белгілі тұрар жүйесі.
Жаман болсаң, келіншек,
Кірлеу болып отырар
Төрде отырған үй иесі.
Анау тұрған атасы,
Сөзімнің болмас қатасы.
Келіні келіп түскенде,
Қабыл болғай батасы,
Атаңызға бір сәлем!
Сәлем бердік енеге,
Су жарылар кемеге.
Бұл жиһанның адамын
Енеңе жалғыз теңеме.
Енеңіз жақсы жайнаған,
Аққа көңлін байлаған.
Ғибадат етіп Аллаға,
Бес намазын қоймаған.
Құрбысы қарсы сөз айтса,
«Әрнеме» деп ойлаған.
188 ғұрыптық фольклор
Дұшпаны қарсы сөз айтса,
Бір ауыз сөзбен байлаған.
Енеге келін—баласы,
Ата-анадан бата алған.
Баланың қабыл тобасы,
Енеңе құрмет ете көр,
Келіннің ене—панасы.
Тәңірі өзіне берген соң,
Шаңырағынан жиырма жігіт өреді,
Бәрі де өзінің қайнысы мен баласы.
Түсіндіріп айтып кетпесем,
Жаңа түскен келінсің,
Білмейсің ғой шамасы.
Соның өзі енесі,
Қара жердің кемесі,
Тойтарып соққан шегесі.
Келіні келіп түскенде,
Көкке жетер төбесі,
Енеңізге бір сәлем!
Ішінде осыншаның келін аппақ,
Ешнәрсе ала қалсам сені мақтап.
Айғырдай ат қумайтын ақ пейіл бол,
Қоныстан көршің кетпес сені жақтап.
Өнері сіздің елдің тәуір дейді,
Жақсы өнер көрсете көр, үлгі бастап,
Келдің бе аман-есен, келінім-ай,
Келмедің аз кешігіп керіліп-ай.
Қайын аға, қайын інілерің келе қалса,
Келіншек, тұрмағайсың ерініп-ай!
Ендігісі абысын,
Абысын болмай аңдысын.
Қолына жүзік салған соң,
Абысын сені не қылсын?!
Абысынменен тату бол,
Шыға келсін дабысың.
Шықпаса егер дабысың,
Келер менің намысым.
Төрде отырған төрелер,
 Жабықтағы жас билер,
Бас-басыңа киім жоқ,
Бұрынғыда сыйым жоқ.
Бәріңізге бір сәлем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу