Өлеңдер ✍️
БЕТАШАР
—Шу, шу, шу билер,
Шуылдама көп, билер.
Мерекелі той істеп,
Толықсып тұрған бұ билер.
Төрде отырған төрелер,
Көпті көрген көнелер,
Жабықтағы жас билер,
Ақылы марқа бас билер,
Құлағың сал да, сөз тыңда,
Бола бермес әрқашан
Мерекелі бұ күйлер.
Біразырақ сабыр ет,
Тыңдасаң, халқым, сөзімді.
Тыңдамасаң сөзімді,
Әуре қылма өзімді.
Мынау бір келін келіп тұр,
Басына бақыт қонып тұр.
Атасы менен енесіне
Тілегін Алла беріп тұр.
Мынау бір келген жас келін,
Кешегі жүрген біреудің
Әлдилеген ұлы еді,
Әлпештеген қызы еді,
Кермыйықтың өзі еді.
Хақ бұйрығы болған соң,
Желегін салып басына,
Бұ дағы енді көніп тұр.
Атасына қарай отауы,
Енесіне қарай жасауы.
Үйіне қарай ілуі,
Қызына қарай күйеуі.
Жеріне қарай жыланы,
Суына қарай құланы.
1.Аз деп бір, халқым, сөкпеңіз,
Осылайша болды заманы.
Баласына қарасам,
Ішпей-жемей тойғандай.
Мінезіне қарасам,
Кінәсі жоқ қойғандай.
Аспандағы жұлдыздай,
Еділдегі құндыздай.
Сөйлеген сөзін байқасаң,
Бақшадағы бұлбұлдай.
Ана отырған бұқараң,
Көңіліңде болғай көп санаң.
Құданың жазған бұйрығы,
Пайғамбардың сүндеті.
Ұлы, кіші жиналған,
Бұқараңа бір сәлем!
Ана отырған атасы,
Сөзінің жоқты қатасы,
Сол атаңызға бір сәлем!
Ана отырған енесі,
Қара жердің кемесі.
«Келінім менің келді» деп,
«Тілекті Құдай берді» деп.
Екі елі көкке жетпей тұр
Енесінің төбесі,
Сол енеңізге бір сәлем!
Ана отырған қайнағаң,
Алалы жылқы айдаған,
Желілеп түйе байлаған.
Қарсыласып келгенде,
Хан, төреден таймаған.
Жауаптасып тілдессе,
Қызыл тілмен байлаған.
Көрімдігіне келіннің
Екі түйе, бір жылқы,
Берейін деп ойлаған—
Сол қайнағаңа бір сәлем!
Ана отырған абысын,
Абысын алды табысын.
Абысын табысын алғасын,
Басқа кісі не қылсын,
Абысынға бір сәлем!
Ана отырған қайнысы,
Қайнысынан артық қай кісі?
«Жеңешем менің келді» деп,
«Тілекті Құдай берді» деп.
Кетіп отыр оның да,
Көңілдегі қайғысы,
Сол қайныңызға бір сәлем!
Ана отырған бикеші,
Жібектен ескен шүйкесі.
Мен де осындай болам деп,
Құрып отыр жүйкесі,
Сол бикешіңе бір сәлем!
Жаңа бір келген жас келін,
Мерекеңе кез болдым,
Байрақты жүйрік саңдағың.
Аралап біздер көп кездік
Жетіру, Әлім, Байұлы—
Кіші жүздің аймағын.
Сол кезгеннен бер қарай,
Мәжіліс болса базарлы,
Мереке, сауық ауладым.
Үлгі көрген тегім бар,
Сөйлесем, сөзім жөні бар,
Ойласам байқап аржағын.
Той базарын құрдым деп,
Бұйырды халық, елдерім.
Тамашаңа жиналды
Қисапсыз адам күн бүгін.
Сөйлеген сайын табармын
Құрметті сөздің ұрғының.
Әрі де бері толғасын,
Шежіре жүрек бұлбұлың.
Атаң менен анаңыз Өсірген сипап жасыңнан,
Құс ұшырмай басыңнан.
Көңілі өсіп, толсын деп, Ләззаты тағам татырған.
Бойы өсіп, толсын деп,
Кигізген жібек асылдан.
Пайғамбардың сүндетін, Үйреткен Хақтың бұйрығын.
Әуелі тудың анаңнан,
Несібе жеп халалдан. Өз перзенті болған соң,
Ата менен ананың
Көңілі сізден ағарған.
«Сіз, біз» деп жауап айтыстың,
Туысқан іні-ағаңнан.
Сақилық ет те, жол көрсет, Үлгісізге қол көрсет.
Не көреміз дүниеден,
Аз күнгі тірлік заманнан.
Сіздер кімнің шекіресі,
Формасы асқан дүниеден.
Піріңіз өткен әйелден,
Фатима өткен піріңіз.
Жұбансын деп көңіліңіз,
Насихат еттік мұны біз.
Айырған алтын секілді,
Күміске меңзес өңіңіз.
Әдебің артық адамнан,
Бегірек майда сөзіңіз.
Тал шыбықтай бұралған,
Сыртың сұлу беліңіз.
Мойның піскен алмадай,
Шашың жібек талмадай.
176 ғұрыптық фольклор
Бетің аппақ айнадай,
Етің жұмсақ майдадай.
Қасың қиғаш қаламдай,
Маңдайың жазық тараудай.
Пәміңді айтып таусылман,
Мысалың Шәмшіқамардай.
Мәжіліс қылып алқаңда,
Жиналып жұртың қамалды-ай.
«Не беремін?» деп шашуға,
Лайығым тұр ғой табалмай.
Қызылың барда қиғашта,
Оралың барда ойқаста.
Бір күндей болмас осы күн,
Басыңнан тұр дәурен ауғалы-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇