Шығармалар ✍️
Шыныаяқ
Жастықтың отымен мен бақытты басқа жерден іздейді екенмін. Менің бақытым қайда екен ? Қай жерде мен шынайы бақытты сезінемін? Бақыт деген не ? деп көп ойланамын, қалам ұшымен ақ параққа бақыт туралы жырлағым келеді,бірақ ол сөздің мән-мағынасын түсінбеппін.Арман қала-Астана, жастар қаласы-Алматы . Менің бақыт мекенім осы қалаларда деп шатыс ойлаппын.
Нағыз бақыт деген ол сенің отбасың екен ғой. Иә, 11 сынып болып дайындық,сабақ деп отбасыма уақыт бөлмей кеттім. Уақыт тапшы, әр сағатты, әр минутты оқуға арнап жүрмін.Бірақ ойланып отырсам, нағыз естең кетпес тәтті естеліктерімді өзім жойып жатқандаймын.Отбасы деген сенің тұлға болып қалыптасуыңа әсер еткен, әр ісіңді қолдап отыратын жандар емес пе?Неге сен ол жандарға кем дегенде 1 сағатыңды арнай алмадың?Оқу керек, іздену керек , қазір ақылдылардың заманы.Алайда рухани даму үшін отбасыңмен отырып ішкен кешкі ас артық етпес.
Әр ішкен шыны шай бақыт кілті секілді. Дәмі де ерекше , бөлек шай. Барды бағалау, ыстық ұя, бір шыныаяқ шай - бақыт.
Әділғазы Айша
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇