Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
302

БАҚЫТ ДЕГЕН
Бақыт деген бала-шағаң отбасың,
Жамандықтың суық желі соқпасын.
Жақындарың аман болса жаныңда,
Еңбекпеннен таба аласың басқасын.
Бақыт деген тыныштығы заманның,
Көріп өту қызықтарын балаңның.
Қиналсаң да тəубе дейтін сабырмен,
Иманы бар, тазалығы санаңның.
Бақыт деген сау болғаны деніңнің,
Махаббатпен мына өмірге сенімің.
Жақын жүрсе жаны ашыр жақсылар,
Бақытсыз деп айта алар сені кім.
Бақыт деген сүйгеніңді күткенің,
Ғашығыңды ақ бетінен өбкенің.
Төзе біліп қиындыққа мойымай,
Кезекті бір келіп жеткен көктемің.
Бақыт деген осы сүрген өмірің,
Көтеріңкі болып жүрсе көңілің.
Таза жүріп, адал өмір сүрсеңіз,
Бақытыңа жетерсің тез өзіңнің.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇