file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  168


Автор: Еркін Оралбайұлы

ӘКЕМЕ

 


 


Орның бөлек әкешім, өзгелерден,


Көз алдымда ақ жүзің өзгермеген.


Орның тұрар ойсырап қиналғанда,


Бола алмас өзіңдей "көз көргенмен".


Төрт құбылам сен барда түгел екен,


Қалай ғана бұрын мен сезбей келгем.


 


Бұл өмірден әкешім, кеттің ерте,


Соншалықты бұл өмір неткен келте?


Кеткеніңе фәниден он жыл бопты,


Қалай ғана өзіңсіз өткен лезде.


Менде бір күн барармын қасыңызға,


Бұйрық келіп Алладан жеткен кезде.


 


Ызғарындай көктемгі ескек желдің,


Неге сонша қу ажал ерте келдің?


Бұл өмірге назам бар, өкпелімін,


Қорғанымды әкеткен ерте менің.


Кейде ойлаймын əкемді көрем бе деп,


Біткен кезде ажал кеп ертең демім.


 


Бұл қара жер бəріңнің жерің жатар,


Бұл ажалдың бәрі де дəмін татар.


Орны бөлек әкенің баласына,


Әкесіз де демегін таңым атар.


Тірісінде кейбірлер қадірлемей,


Кеткеннен соң өкініп жылап жатар.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу