file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  97


Автор: Еркін Оралбайұлы

ТАҒДЫР САЛСА

 


 


Тағдыр демеп сүрінгенді құлатпай,


Бақ береді жайқалтып жас құрақтай.


Базбіреуге тағдыр шіркін ғұмырды,


Қысқа берер құмға сіңген бұлақтай.


 


Кейбіреуге бәрін берер сұратпай,


Өмір өтер сырғып жылтыр сынаптай.


Ал біреудің дәм мен тұзы таусылып,


Ерте сөнер майы біткен шырақтай.


 


Талғамайды жасын алар, кәрісін,


Ұққан мұның адам бар ма, мәнісін?


Қара жерде тосырқамай қабылдар,


Жаралғандай адамзаттың тәні үшін.


 


Тағдыр ісін адам бар ма, түсінген?


Бірде ғұмыр, бірде ажал түсірген.


Бұл тағдырдың ісі ме әлде, әдейі?


Шым болаттай төске салып пісірген.


 


                   *    *    *                       


 


Пенде бар ма бақытқа ұтылмаған?


Басына бұлт қайғымен тұтылмаған.  


Дəм-тұз бітсе бір-ақ күн бұл ғұмырың,


Бұл ажалдан Қорқыт та құтылмаған.


 


Көз жеткізіп өмірдің жалғанына,


Көнеміз де тағдырдың салғанына.


Мәні кетер өмірдің, тағдыр ісін,


Салар болса адамның талғамына.


 


Еркін Оралбайұлы 9.08.2018


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу