Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
63

ӘКИЯ ӘДІЛХАНҰЛЫ ӘКЕМІЗГЕ
Көнеміз біз тағдыр қайғы жеккеніне,
Көз жеткізіп өмір жалған екеніне.
Жиырма жыл толды міне әкеміздің,
Кеткеніне бақилықтар мекеніне.
Істеріңіз көп еді ғой тындырмаған,
Ұрлағанды арманыңды тұлдыр жалған.
Пайғамбардың жасына да жеткізбеді,
Сұм ажал кеп қара бұлттай күнді ұрлаған.
Еңбек еттің күш жігерді аяп қалмай,
Елге сыйлы жан болдың, саяқтанбай.
Шарамыз жоқ Алла ісіне ерте әкеткен,
Балаларың қалды артыңда аяқтанбай.
Адал ағып өн бойыңнан кермек тері,
Батыр шопан, атақ алдың - еңбек ері.
Баласына қырық жылдық азық деген,
Бағаланса маңдай тері, еңбектері.
Тәубе дейміз, еске алар ұрпақ барын,
Алла төксін мейірімді ұлпа қарын.
Дұғаменен қабір- үйің нұрлансын деп,
Ас беруде еске алып ұрпақтарың.
Еркін Оралбайұлы 12.09.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇