Нақыл сөздер ✍️
Нақыл сөздер ✍️
24.02.2025
1501

Аналардың гүл бағы — балалары,
Балалардың тыңдары — аналары.
***
Анаң барда бақыттысың мың есе,
Жалықпағын, кітап оқы, біл десе.
Саған әркез тілеулес боп жүретін,
Анаңменен іс жасағын бірлесе...
***
Әке деген — асқар тауың, заңғарың,
Әкең барда арайлы атар таңдарың!
***
Бауырларың бақытың,
Саған арнар уақытын.
***
Балаң болсын — елім дер,
Сүйем туған жерім дер...
***
Туған жерің тұрағың,
Ата-анаң — жұмағың!
***
Әкесі бар жан — тірегі бар жан,
Анасы бар жан — тілегі бар жан.
***
Ата-анаң байлығың,
Жарқырайтын ай, күнің!
***
Ата-анаң барында бақыттысың,
Бағалай біл бір жүрген уақытты шын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter