file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  90


Автор: Еркін Оралбайұлы

ТІЛ ТАҒДЫРЫ

 


 


Тауып айтсаң орнымен сөз көрікіті,


Қиыспаған əр сөйлем сөзге іріткі.


Қазақ тілі сөзге бай, мəні терең,


Былықтырып қоспасаң өзге ілікті.


 


Заманауи терминді көз көріпті,


Түбірімен кей сөздер өзгеріпті.


Қазақ тілі өлетін күн де жақын,


Тоқтатпасақ енжарлық, төзбелікті.


 


Тілімізге жағымсыз без кіріпті,


Шалақазақ тіл бұзар ез бірікті.


Бұзылмаған сан ғасыр тілімізге,


Артық сөздер неліктен тез кірікті?


 


Асыл сөзбен билерім қыл қиыпты,


Бір-ақ сөзбен шешіпті, құн қиыпты.


Қазіргінің басшысы тілін білмей,


Өзі аударған балкондай қылтиыпты.


 


Шешеніне ертенің жұрт ұйыпты,


Үш тұғыр деп бүгінгі құрт құйыпты.


Ана тілде сөйлемей тұтығып жүр,


Болар деген басшылар жұртқа ұйытқы.


 


Хан болмаса ойлайтын қарашасын,


Кім көрсетер тіл- дінге арашасын.


Тілді бұзған орыс тіл аз болғандай,


Дүмшелер жүр тықпаштап арапшасын.


 


Еркін Оралбайұлы 9.04.2018.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу