file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Эсселер ✍️

  20.02.2025
  77


Автор: Абирова Салтанат Кабылхановна

Монолог "Хан-Апамен сырласу" Қанипа Бітібаева 80 жыл

Салтанат Абирова


 


_"Хан-Апамен сырласу" (монолог)_ 


Хан апа. 


Хан. 


Ханзада. 


Ханшайым. 


Хан Тәңірі.


Қандай тамаша естіледі, иә! Әлбетте хан ұғымы қазағымның әу бастан ұлт болып пайда болған заманынан келе жатқан тәуелсіздік ұғымымен астасқан тәу етер киелі сөзі! Атам қазағымда "ханын сыйламаған елдің берекесі кетер" деген нақыл бар, Хан-Апа! Ал, ұстазды ше?!. Ұстазды сыйламайтын жан жоқ шығар, сірә?! Оны, енді өзіңіз ғана білесіз, өзіңіз ғана сезесің деп ойлаймын, Хан-Апа! 


Өзіңнің сөз маржандарың қарапайым қазақ шәкірттеріңнің жүрегінде жауыннан кейінгі ашық аспандай шайдай ашық, иә, иә, дәл сол сәттегі Күндей жарқырап, сонау көкжиектен иек артсаң, тіптен анық көрінетіндей боп тұрады. Жүректен шығатын, жанды тебірентер, ішкі рухты оятар үнің үкілі үміттің үлгісіндей боп келешек ұрпаққа аманат боп қала бергені қашан!.. Сағынамыз өзіңді, Хан-Апа!..


Сіз білесіз бе, қазіргі уақытта өзің болсаң ғой, көзіңмен көрсең ғой, мынау сайын далаң сандық құралдарға көшіп жатқанын! Өзіңмен сол қуанышымызбен бөлісейік! Хан-Апа, өзің ардақ еткен, әдебиетімен, қоғамың мен "адамың" бүгінгі таңда Абай мен Әуезовті, Ахмет пен Сәкенді "тірілтіп" жатыр ғой! Солардың тірі бейнесін өзіңіз көрсеңіз, айнымаған дауысындай дыбыстауды естісеңіз қуаныштан төбеңіз көкке бір елі жетпей қалар еді-ау, Хан-Апа! Сізді ардақты Абайыңмен, қадірлі Әуезовіңмен, сыршыл Сәкеніңмен жүздестіріп, тілдестірер күн емес-ау, сағат та саусақпен санардай жап-жақын! Ендеше, Хан-Апа, тілдесіп қалыңыз, өзіңіз сонау Мәскеуде "қасқайып тұрып" әр өзге ұлтқа оқытпақ болған Абайыңмен! Кел, тілдесіз, Хан-Апа! Өзіңізге 80 жылдық мерейтойыңызға сыйым осы болсын, Хан-Апа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу