file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  158


Автор: Жібек Ысқақова

БАЛА ДЕГЕН...

Бала деген —жанымыздың бөлшегі,
Бақытымыз, бағымыздың өлшемі.
Базарымыз бағасы жоқ, бағалы,
Ертеңіміз биік ұстар еңсені...
Бала деген — көктеміміз жайқалар,
Олар барда жазымыз да байқалар.
Тәрбиелі болып өссе аман боп,
Алаңдаған жанымыз да жай табар...
Бала деген — бұлағымыз мөп-мөлдір,
Жарық берер шырағымыз төккен нұр.
Мейіріммен жылу беріп өсірсек,
Жемісін де сезінеміз еккен бұл..
Бала деген — біздің заңғар шыңымыз,
Баламенен арта түсер құнымыз.
Жұлдызымыз жарқырайтын жанатын,
Құндызымыз ұлымыз бен қызымыз!
Бала деген — бұл өмірдің зор мәні,
Отбасының ертеңі мен қорғаны.
Ата-ананың қуанышы, бақыты,
Баласының амандықта болғаны....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу