Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.02.2025
78

АСТАНАМЫЗ — АСТАНА
Қазағымның жүрегі,
Еліміздің тірегі
Астанамыз — Астана,
Бүкіл әлем біледі.
Сарыарқаны бойлаған,
Қоныс тойын тойлаған.
Астанамыз Астана,
Шаттық күйі ойнаған.
Қаласы бұл жастардың,
Биік шынар, асқардың.
Астанамыз — Астана,
Сен деп өлең бастадым.
Ғимараттар сән құрған,
Барша адамды таң қылған.
Астанамыз — Астана,
Әр күн сайын жаңғырған.
Айдай жүзің жайнаған,
Көз тартады айналаң.
Астанамыз — Астана,
Басынан бақ таймаған.
Еуразия кіндігі,
Ынтымақты ел, бірлігі.
Астанамыз — Астана,
Қайнап жатқан тірлігі…
Мойындатқан әлемді,
Көрінісі дәлелді.
Астанамыз — Астана,
Қызықтырған сан елді.
Астанамыз — Астана,
Қанат жайған — Жас қала.
Отан үшін, ел үшін,
Жарқырай бер — Бас қала!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇