14.12.2024
  20


Қабілет Баделхан

Түс. Болашақ

Түс. Болашақ. Ауырухана іші адамға толы. Ерсілі-қарсылы, оңды-солды сапырылысқан адамдар. Біреу келеді, біреу кетеді . Қолдарында бір-бір қағаз, біреу басын ұстап, бірі жағын , кей бірі қос қолын кеудеге басып, енді біреулер арық малша санап басады. Біз ер-әйелі аралас бір қанша адамбыз. Құлақ дәрігеріне кезек күттіп оттырмыз. Бәрімміздің де жас шамамыз шамалас, қарайлас, ары кетсе бес жас, әйтпесе, тура түйдей құрдастармыз. Біз ауыруханада кезекте емес, бейне бір студияда «Мүңкін емес», «Айтуға оңай...» бағдарламаларының бірінде отырғандай- ақ дөңгеленіп жайғасыппыз. Қабырғада үлкен экран қанша адам кіріп кетті; кімдер болды, кімдер кіреді, кімдер кіруге тиіс кім кімнен кейін кіреді барі көрсетіліп тұр. Тура менің қасым да, орта бойлы келген, толықтау қара жігіт екі қолды екі жаққа сілтеп тастап әңгіме айтып отыр. Көзі ашық көкірегі ояу адамның бірі екені даусыз, бірақ кеудесі толған өкінiш сияқты. Тағдырдың дұрыс жолын жана көзі шалған бір жан. Бір әңгімесінде өткенде жаңа жылды қалай қарсы алғанын, осы келген 2029 жыл қандай жыл болатыны жайлы айтып өтті. Енді бірде бәріміздің келіп отырған шаруамыз- құлағымыздың неге естімейтіне көшті. Әркім өз-өз себептерін айтты. Айналып келіп барлығымыздың себеміз бір арнаға тоғысты. -Барлығымыздың құлағымызды құртқан музика -деп жалғады әңгімесін, қара жігіт, дауысы ауырухананы жаңғыртады, соның өзін әрең естіп отырмыз, қара жігіт таудың басында, біз етегіндегі адамдардаймыз ұқпай қалған сөзімізді, үш қайта сұраймыз. Қасымыздан өтіп жатқан адамдардың жастары, күледі, кәрілері бастарын шайқайды, енді бірі басу айтпақ болып, тыныштық деп қалса болды, біздің жолдастар біріккен қормен қатты үн қата а дейді бітті, мылтық дауысын естіген қасқырша жоқ болады. - Күні кешеге дейін он жасымнан бастап құлағымнан Құлаққап «Ноуочник» үзбедім. Үйде жүрсем де, автобуста жүрсем де, сабақта жүрсем де, көшеде жүрсем де, бір сәт менің құлағымнан қалған жоқ. Тек сабақ арасында біраз уақыттарда болмаса, ұйқыдан басқа уақыттарда өзімнен қалмайтын көлеңкемдей еріп жүретін серігім болды. Тіпті сонның себебінен болып, талай бейуазды түрмеге тастата жаздадым, техника теміріне іліңген күндерім жоқ емес. Қайран жастық шақ-ай, мастық шақ... - Бәрімізде солай болғамыз -деп жалғады әңгімесін тағы біреуі. Мен жатып алып музика тыңдағанда сыртына шыққан дыбысынан бір үйлі жанның мазасы кеттіп ұйықтай алмайтын -деп ыржиып кеп күлді. Кенет күлкісін кілт тоқтатып, қасқа басын қасып-қасып жіберіп есептей жөнелді, күніне жирма төрт сағаттың, сегізі ұйқы, сегізі түңгісі бар, түскісі бар сабақ, екі сағат тамақ пен ұсақ тірлік, қалған алтауы музика тыңдадым, ал ата-ана ақылын күніне алты минөт тыңдаған күндерім сирек деп, кеп төмен қарап үнсіз қалды. Әлден уақытта. Үзілген сөзді жалғап Енді бір сәтте бір әйел мұңайған бейнемен өкінішіннің ауызын, сол құлағынан аққан іріңді сүртіп, сүртіп қойып жасырмай ағыта бастады. - Қайран текке кеткен уақыт,ойланбай өткен өмір, біз кішкентай уақыт шыға қалса өзімізді сергіту үшін музика тыңдаушы едік. Оның да баяны жоқ екен ғой, шетел музикаларын бір кісідей тыңдаушы едім. Мен тыңдамаған музика кемде-кем шығар, бәрі-бәрі жалған екен ғой. Әттең, уақыттымды басқа бірдеңкеге пайдалансамшы, өзіме нан, ұрпаққа тәрбие болатындай - деп кейіді. Көзінен моншақтай-моншақтай екі-үш тамшы қолына домалап кетті. Мына түрімізбен бізде не дұрыс құлақ не дұрыс ми да қалған жоқ шығар, ұрпаққа тәрбие беретіндей –деді де, көзін сүртті. Қара жігіт қайта әңгімені жалғап, - Жә, жә, өкінбе! Бірақ өкінбеске де болмайды. Амал не, шіркін?! Орыны толмас ор қазыппыз ғой. «Сақтансаң сақтаймын» дегенді білеміз, бірақ қолдана алмаймыз. Бізді де біреулер ақыл-есті адам дейді-ау ақыл-Естілігіміз сол ма, өзімізді-өзіміз қалай сақтайтынымыз жайлы білмедік, денсаулығымыздың қадырын ауырғанда бірақ білдік, ауырмауға тырысқанның орынына. Не келмейді? Қайта айналып уақыт келмейді. Бірақ әлі де кеш емес, өз басымыздағыны өзгеге келтірмейік! Білімді де білікті ұл-қыз тәрбиелейік! Жә, жә, қойыңдар енді, қалың саңыраулар -деп сақ-сақ күлді. Бәрі құлақтарын ұстады. Мен де құлағымды ұстап, ойанып кеттім... Оянсам, құлағым қайырылып қалған екен. Қабілет Баделхан



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу