file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Эсселер ✍️

  11.12.2024
  107


"Әлеуметтік жұмыс: Жанашырлық пен жауапкершілік жолы"

 


 


Әлеуметтік жұмыс - бұл жай ғана мамандық емес, бұл үлкен мейірімділік пен жауапкершілікті талап ететін өмірлік қызмет саласы. Бұл мамандықтың басты мақсаттарының бірі - азаматтарға көмек, қолдау көрсету, олардың өмір сапасын жақсартып, қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмек көрсету.


 


Әлеуметтік жұмыс мамандығын оқу барысында мен бұл саланың қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Сонымен қатар біз, болашақ әлеуметтік


қызметкерлер белгілі бір тұлғалардың проблемаларын шешу кезінде, оны өз жүрегімізбен сезініп, көмек қол үшін созуымыз қажет екенін түсіндім.


Бұл мамандық - адамның тек қана кәсіби дамуы емес, сонымен қатар рухани дамуына да ықпал етеді деп ойлаймын.


Әлеуметтік жұмыс әртүрлі салаларды қамтиды. Мысалы, балалармен жұмыс, қарт адамдарға көмек көрсету, мүгедектермен жұмыс істеу, отбасылық мәселелерді шешу, және де қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздікпен күресу де осы мамандықтың көмегімен жүзеге асады. Әлеуметтік қызметкер адамдардың жан-дүниесіне мән беріп, оларға психологиялық, моральдық, және ең бастысы - материалдық қолдау көрсетуі қажет.


Осы мамандықты таңдаған адам - тек қана білім алып қоймау керек, сондай-ақ адамгершілік, жауапкершілік, мейірімділік, төзімділік, құрмет сияқты қасиеттерді де бойына қалыптастыру керек.


Менің түсінгенім бойынша, әлеуметтік жұмыс - бұл тек көмектесу емес, бұл қоғамды жақсы жаққа өзгерту, азаматтарға қызмет ету. Бұл мамандықты таңдаған тұлға әлсіз жандарға тіреу болып, қоғамға үлкен үлес қосуы қажет.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтттық университеті - Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орнында осы “ Әлеуметтік жұмыс” мамандығы тереңдетіліп оқытылады. ҚазҰУ-дың профессорлары мен тәжірибелі оқытушылары “Әлеуметтік жұмыс” мамандығы бойынша терең практикалық және теориялық білім береді. Осы университетте заманауи оқу технологиялары және әдістерін қолдана отырып, ең білікті мамандарды даярлайды десем қателеспеймін. Сонымен қатар оқу барысында біз, әлеуметтік қызмет көрсету орындарында, мемлекеттік мекемелерде практика өтеміз. Бұл тәжірибелер арқылы біз болашақ мамандығымызға дайындала аламыз.


 


 


"Әлеуметтік жұмыс" мамандығының 2-курс студенті: Арғынбек Перизат


Жетекшісі: Сарыбаева Индира Сарыбайқызы


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу