29.11.2024
  8


Автор: Қарағанды қаласы

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

Қарағанды қаласы Қазақстан еліне, яғни біздің елге тиесілі қала. Еліміздің дәл ортасында орналасқан қала. Қарағанды облысының әкімшілік орталығы.
Қаланың атауы қала маңында көп мөлшерде таралған сары гүлдері бар қарағанның аласа бұтасынан шыққан деседі.
Сонау 1857 жылдары қазіргі Қарағанды аумағында Тваново разрезі пайда болыпты. Онда көмір өндіруге арналған тау-кен өндірісі болады.. Ал 1931 жылы Қарағанды кеншілер қонысы жұмысшы поселкесіне айналып, 1934 жылдан бастап қалаға айналған Қарағанды қаласы қазіргі таңда да жақсы дамыған еліміздегі маңызы зор қалалардың бірі.
Қарағанды қаласының басты байлығы ондағы қара алтынның ел үшін деп қызмет етуі. Қара көмірді өндіріп, пайдалануға жіберіп отырған бұл жердегі Кеншілердің де жасап жатқан жұмыстары еленерлік жұмыс дер едім.
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласының басты байлығы ондағы қара алтыны дер едім. Одан бөлек экономикасын дамыту жолында еңбек етіп жүрген басқа да саланың адамдаря жетерлік. Қызылорда қаласы күрішімен мақтанатын болса, Қарағанды көмірімен мақтана алады деп ойлаймын.
Міне, қысқаша мәліметтері осындай болған Қарағанды қаласы осы уақытқа дейін. Аты қатты әйгілі болмаса да, көмірімен аты әлемге әйгілі деп айта аламыз.
Жасай бер менің Қарағандым! Сен мықтысың, күштісің! Сенімен мақтанамыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу