Эсселер ✍️

  29.11.2024
  9


Автор: Қарағанды қаласы

Қарағанды орталығы елімнің

Ия, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы еліміздің орталығында орналасқан облыс, әкімшілік орталық. Елдің жүрегіндей дәл ортасынан орын алған Қарағанды қаласы 1931 жылы құрылған. Жерінің аумағы 550 км2 ді құрайды. Қарағандыда қара алтын бар. Әрбір үйді жылытатын, өзінің ең маңызды, халыққа керектігін ұғынтатын қара алтын көмірімізді елдің барлық аймақтарына тасымалдайды.
Көмірдің басты отаны болып табылатын кеншілердің ұқыптылығынан көптеген көмірді облыстан шығарып жатқан Қарағанды қаласы еліміздегі маңызы зор қала. Қарағанды қаласымен мақтана аламыз. Өйткені Қарағанды дәл елдің орталығында орналасқан.
Халқының құрамы бойынша қазақтар көш бастап тұрса, әрі қарай орыстар, татарлар, украиндар, корейлер, сол сияқты тағы да бас ұлт өкілдері мекендейді.
Енді қала не үшін қарағанды аталған деген сұраққа құлақ түрер болсақ, "қaрaғaны қaлың өскен жер" мaғынaсынaн шыққан деседі.
Ал қаланың тарихына зер салар болсақ,
«1833 жылы көмірді тауып алған бақташы бала Аппақ Байжанов туралы аңыз ел аузында сақталған. XIX ғасырдың аяғында геологиялық зерттеулер жүргізіліп, XX ғасырдың басында көмір өндіру орыс көпестерімен басталса, соңында француз, ағылшын кәсіпкерлерімен жалғасты» бұл енді тарихи мәліметтер қаланың бастапқы, алғашқы тұрғындары орыстар болғандығын көрсетіп отқандай. Дей тұрғанмен бұл біздің қазақ жерінде, еліміздің орталығында орналасқан қала, біздің қаламыз, Қарағанды қаласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу