Шығармалар ✍️

Тағдыр талқысын кешкен жетім бала
«ЖУСАН ИІСІ» САЙЫН МҰРАТБЕКОВ
«Тақырыбы: Тағдыр талқысын кешкен жетім бала
«Идеясы: Соғыс кезіндегі ауылдың тұрмысы мен жағдайын суреттеп көрсету, жетім баланың тағдыры
«Жанры: повесть «Композициялық талдау:
Басталуы: Кекілді бала - Аян немесе алғашқы кездесу. Аянның балалармен тез тіл табысып кетуі, Есікбаймен төбелесі.
Байланысуы: Балалардың алғаш оқу оқып, хат тануы. Аянның тобығын тайдырып алуы.
Дамуы: Аянның әжесінің қаза болуы, «Ертеде бір жетім бала болыпты». Аянның қызық мінезі.
Шиеленісуі: Жусан иісі. Жалғыз көзді дәу туралы ертегі мен Аянның соққыға жығылуы.
Шарықтау шегі: Бапай үйіндегі Аянның өмірі, аяғының тайғыштығы. Кол-хоз жұмысы кезінде болған жайттар.
Шешімі: Аянға келген қаралы қағаз. Қимастық пен көңілсіз қоштасу.
«Кейіпкерлері:
Автор - әңгімелеуші, балалардың қатарындағы Аянның досы. Садық - балалардың атаманы, бөспе бала.
Аян - шолақ жең ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза ауылға жаңадан көшіп келген бала. Ақкөңіл, ақыл-ды, адамды іші тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінезді. Ең жақсы қасиеті - ешкіммен төблесіп, сөзге келмейді. Есікбай - сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде ал-
дына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала еді. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан ша-лып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін.
Қосым тырнауық - көп үндемейтін, төбелескенде ылғи баж етіп кеп бетті тырнайтын, сондықтан тырнауық дейді, өзінен көп балалар қорқатын. Оған тек Есікбай тік келуші еді.
Иманжанов - шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қал-шылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі. Бұл кісі -денсау-лығының нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім.
Бапай шал мен кемпірі - әжесінің тумаласы, Аянды қолдарына алған, бірақ дұрыс қарамаған жандар.
Тұржан - армия қатарынан жақында ғана қайтқан, сол қолын білегінен оқ жұлып кеткен, бірақ өзі аса қатыгез, мейірімсіз адам еді. Келген күні-ақ: «Қан көріп, қаным бұзылып келді…» – деп, үйіне жиналған қатын-қалаш, кемпір-шалдың зәресін алған. Бригадир боп тағайындалғаннан кейін, жұм-сағанда тілін қайырған талай әйелдер мен жасөспірім балаларды, әлімжеттік етіп сабаған, Аянды да ұрып-соғып кетеді. Өржанның баласы.
Асылбек шал - ауылдағы сынықшы.
«Маңызды деректер:
Аянның прототипі — Науқан Керімов.
Автордың ойынан кетпейтін бейне: жарғақ сары тоны қаудырлаған, то-бығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген ақсақ қара бала бір кет-пейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аян. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын», – де-ген жалынышты үнін естимін.
Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал деген-нен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.
Балалар көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақты-рып, атысып ойнап жүргенде Садық бір балаға нұсқап қалады, барлығы оған қараған кезде ол өзінше әлдеқандай боп кейкиіп, екі қолын қалтасына сап шіреніп, шолақ танауын тыржитып қойды. Қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашын үрлеп тұрды.
Есікбай кекілін қағытып өткенде, басқалар күлксі келмесе де оның сөзіне қошамет білдіріп сықылықтай күледі. Жаңа келген бала қыза-раңдап теріс айналып кетті. Ең бірінші кім екенін білген Садық, Аян қоңыр сиыры бар екенін күлімсіреп айтады.
Аян күннің ыстық екенін айтқанда, тоспа бар, суы күшті екенін айтқан - Садық.
Менің де көйлегім бар деп мақтанған: Қосым.
Аянның алдында қыр көрсетіп, Қосым тырнауыққа тиісіп, жылатқан: Есікбай.
Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде Аян біразын жығып кетті. Тек Есікбайдан ғана жығылды. Алғашқы күннен бастап Аянмен етене жақын дос болуды әркім-ақ ойлай бастаған. Бірақ ол ешкімге ерекше ықылас білдірген жоқ. Бірімізден-бірімізді бөліп жарған жоқ. Бәрімізбен де жақсы жолдас бол-ды. Үш-төрт күн өткен соң, Есікбай басқа балаларға істейтін қылығын Аянға да істеді, сосын екеуі сайға барып төбелескенде Аян жеңіп кетеді, осы төбе-лестен кейін оған ешкім тиіспейтін болған екен.
Күзде оқу басталып, жеті менен он жастың аралығындағы өңшең бірөңкей балалар бірінші класқа бардық, Иманжанов күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете баста-ды.
Майдандағы әке-ағамызға хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арма-нымыз еді. Сонымызды сезгендей Иманжанов та бізге тезірек хат танытуға бар күшін салып бақты. Сөйтіп, бас-аяғы бірер айдың ішінде әріптерді тегіс жаттап, бірлі-жарым сөздерді құрап, жаза алатындай халге жеттік. Ал Аян болса кәдімгідей: «Аса жаннан артық көретін аға…» деп бастап, хат жазатын болды.
«Хат жазуды үйретші,» – деп жата жабысатынбыз, сөйте-сөйте хат жазуды бәріміз де үйрендік. Енді біздің ауылдан күніне майданға сөзі де, мазмұны да, кейде тіпті кісі аттары бірдей жиырма-отыз хаттан кетіп жататын болды. Дәл біздің хат тануымызды күтіп жүргендей-ақ екі айдан кейін Иман-жанов қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалды. Бір қол, бір аяғынан паралич болған. Басқа мұғалім келмеді. Осылайша біздің оқуымыз да келер жылға дейін тоқтаған еді.
Бірде Аян өрістен мал қайырып келе жатып үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті. Сол жолы Аянның тобығы тайып бір айдай үйінде ауырып жатыып, осыдан кейін-ақ Аянның тобығы тайғыш болып алды.
Бұл кезде қыс түсіп қар жауған. Біз болсақ сырғанақтың қызығына кіріскен-біз.
Ауыл Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді.
Кенет бүкіл ауылды шулыға шыққан ащы дауыстар селт еткізді. Төбе құйқа-ны шымырлатып жоқтау айтқан дауыстар Аянның үйінен шығып жатыр, әжесі қайтыс болған екен. Бірақ Аян жыламады. «Ертегі тыңдайсыңдар ма деді?» – деді.
Барлық ертегісі «Ертеде бір жетім бала бопты…» деп басталады.
«Е, жұлдыздың нуы жиі екен, ертең күн ашық болады,» – деп қойды үлкен кісіше Аян.
Ертеңіне Аянның әжесі жерленді. Жұрт ат қойып зираттан қайтқанда, Аян әжесінің қабірінің басында елдің ең соңынан шошайып жалғыз қал-ды. Ол бұл күні де жылаған жоқ. Қарлы топырақ араласқан жас қабірге жаутаңдап біраз қарап тұрды да, бір уыс топырақты іліп ап: «Топырағың жеңіл болсын, әже!» деп шашып жіберді.
Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті. Дәл осы кезде, азын-аулақ көрпе-жастық тиелген шананы Бапай айдап, Аян өзі қоңыр сиырын бұйдасынан жетелеп көшенің басындағы шалдың үйіне көшіп бара жатты. Қоңыр сиыр Аянды сүзіп жіберердей боп алға қарай оқтана жүр-ді. Бірақ сүзген жоқ, жүріп келе жатқан бойда Аянның қаудырлаған сары то-нының етегіне иіскеді де, тұмсығын созып, ыңырана мөңіреді. Аянның ша-насы жоқ, сондықтан елдің шана тепкенін қызықтап қарап тұрды,Аян бәріміздің шанамызды бір-бір реттен теуіп шықты. Ол қып-қызыл боп қара терге түсе ентігіп, алабұртып, елден ерекше даурыға сөйлеп, сақылдап күлу-мен болды.
Балалар Аянның бастауымен Бапай шалдың үйінің іргесіне келгенде, Бапайдың кемпірі қуып жібереді. Садықтың ойына ауыл шетіндегі ат қора түсіп, ертегі тыңдау үшін сол күннен бастап күнде кешкісін ат қо-раның төбесіне жиналуды әдетке айналдырдық.
«Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиет-тің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді.»
Садық, Есікбай сынды балалар батырлардың ссілтеген семсерлеріне қы-зығып, фашистерді бауша қияр едім деп армандайды.
Өзі жетім болған соң ба, кім білсін, Аянның ертегілері көбіне жетім бала туралы болушы еді.
Біз ертегілердің бәрін Аянның өзі күнделікті ойлап шығаратынын білсек те, оған пәлендей мән бермеуші едік. Бар білетініміз: Аян күнде неше түрлі ер-тегілерді ойлап кеп, кешкілік бізге айтып беруі керек, ал біз ұйып оты?рып тыңдағанды ғана білеміз. Ертегі ойлап шығару оңай ма, қиын ба, ол жағында еш шаруамыз жоқ. Тіпті ол жағын сөз ете қалғанның өзінде де, «Аян ғой күн сайын бір ертегі ойлап шығарады, ендеше ертегі шығару қиын да емес шығар, тек басқамыз ертегіні қалай құрастырудың әдісін білмейтін болар-мыз», – деп түйетінбіз. Таң атқаннан күн батқанша салп-сұлп етіп, көшенің аяғынан басына дейін шана сүйретіп сырғанақ ойнауды ғана білетінбіз. Кеш-кісін тесік пималарымыз бен сырма шарықтарымыз зілдей боп, шылқылдап су өткеніне қарама?стан, ат қораның төбесіне тартатынбыз…
Аянның тапқан қулығы: енді ол күнде кешкісін бізге сол күні ойлап шығарған жаңа ертегісін тездетіп айтып бітіреді де, біреуіміздің шана-мызды сұрап ап, түннің бір уағына дейін сырғанақта жападан-жалғыз ойнайды.
Бір күні Аян әкесін түсінде көреді, әжесінің ылғи айтатыны: «ағаңды анау Жусантөбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде, айдалада та-пқанмын». Аянның айтуынша әкесінде жусанның иісі содан екен. Бұл күні Аян жалғыз көзді дәу туралы ертегісін бастады. Бұл оның бұрынғы ер-тегілерінен де әлдеқайда қызықты еді. Түнерген аспан, ат қораның іргесінен әрі қарай үңірейіп жатқан қорқынышты терең құз, бәрбәрі күннің ерекше бір нұры құйылып жарқырағандай боп, басқа бір дүниеге – ертедегі күлкіге толы қызық дүниеге айналды. Қотыр тай мен жетім бала туралы айтатын, ал асқар тау жалғыз көзді дәудің мекені дейтін.
Шөптің арт жағын ала, ызғырық желдің өтінде лауылдап от жанып жа-тыр. Бұл ат қораның төбесі күзде ғана сабанмен жабылған. Жанып жатқан сол сабан екен. Шетте отырған балалардың бірі шылымын сөн-дірмей лақтырып тастап, сабан содан тұтанса керек. Не істерімізді біл-мей сасқалақтап, қорадан секіріп-секіріп түсіп, тым-тырақай қаша жөнелдік. Осы кезде аянның тобығы қайта шығып кетіп, Тұржанның соққысы-ның астында қалады. Осыдан соң қатты ауырып қалады. Үйге келсе, автор-дың атасы қатты ұрсады.
Аянның ойы: «Ағам келеді ғой жақында әлі. Сонда көрсетеді Тұр-жанға».
Он шақты күннен кейін Аян төсектен тұрып жүре бастады. Тобығы тайған аяғын жер сыпырғандай көлденеңінен сүйретіп солтақтап басатын болды. Кей күні ойыннан кейін мен кешкі тамақты ішіп ап, Бапайдың үйіне ба-ратынмын. Мен келгенде Аян ылғи темір пештің аузында от жағып отырады. Ол кезде – соғыс жылдарында біздің ауыл отынға сабан жаға-тын… Бапайдың кемпірі шалы екеуіне ғана майға бөктіріп талқан шы-лайды да, «сенің тісің бар ғой» деп Аянның алдына бір уыс қуырған би-дай төгеді.
Бір тәуірі Бапай да, оның кемпірі де біздің сөзімізге құлақ салмайтын. Олар ұйықтасымен-ақ Аян әлгінде ышқырына тыққан күйелеш масақтарды алып, үгіп-үгіп аузына құятын. Кейде мен үйден нан алып келетінмін. Аян нанды көргенде, көзі отша жанып, екі ұртына кезек бұралай тығып, қақалып қала жаздайтын.
Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болдық. Ортамыздан екі атаман сайлап, қалғандарымыз екі-екіден жұптасып, әлгі екі атаманның қарауына тең бөліне бастадық. Бұл ойынға Аянның да қатысқысы келген. Бірақ екі атаманның екеуі де оны өз топтарына алудан бас тартты. Осы кезде ол жылап Асылбек шалға барып, аяғын салдыртады, бірақ ол да көпке созылмайды. Көктем шыға колхоз жұмысына біз де араласқанбыз.
Әлден уақытта әйелдердің бірі қалжырай шыққан зарлы үнмен сызыл-тып қана ән салады. Ән емес-ау, жүректегі ауыр шердің лықсып шыққан бір күрсінісі сияқты. Әйелдерге қосылып жылауға «еркектік» намысымыз жәбермейді. Өйткені Аян «Жылауды әркім біледі. Мықты бол-саң нағыз еркектерше қиыншылықта жыламай бақ,» – деген. Сондықтан «жа-сық екенімізді» білдірмеуге тырысамыз. Аянның тобығы осындай бір өгізден домалап тұскен кезінде тағы тайды. Сол түні денесі қызып, таң атқанша сан-дырақтап сөйлеп шықты. «Ағам қалаға апарып, ендігәрі шықпастай етіп салғызады, әлі…» деп сенеді.
«Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда таңдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой. Сонда да болса басқа-мыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін аямады.»
Үлкендер «жау шегінді» десіп, күн сайын бір қуанышты хабар айтып жүрді. Мұның өзі біз үшін «ертең соғыс бітеді» дегенмен бірдей еді. Іскерден
біртіндеп ер-азаматтар қайта бастады. Бәрі жаралы боп қайтқандар болса да, олардың әрқайсысының келуі ауыл үшін үлкен мереке еді. Солардың бірде-бірі Тұржанға ұқсап: «Қан көріп қайттым, қаным бұзылды», – деп есірген жоқ. Қаралы қағаздар да келіп жатты.
Жаз ортасы қаралы қағаз Аянға келді, ол үнсіз қабылдады. Сосын ат қораға барып, ұзақ жылады.
Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі қып-қызыл боп кетіпті. Маған қарады да өз-өзінен жымиып күліп айтқаны: «Күн ыстық, ә».
Осыдан кейін бір жеті өткен соң, ертеңгісін он шақты қозы-лақты тауға қа-рай өргізіп жіберіп, қайтар жолда Бапайдың есігінің алдында тұрған арбаға көзім түсті. Аянды балалар үйіне жібергелі жатыр екен, Бапай арба айда-ушыға Аянды станцияға дейін аманат қып тапсырғанын қайта-қайта айта бе-реді. Ал кемпірі кеп Аянның бетінен сүйді, көзіне жас алды. Бапай қоңыр сиырды сатып, ақшаны қолына берер ем, қазір болмай тұр деді, Ал кемпірі үцде тұрады, әлі де келгенде қайтарып береміз дейді.
Есікбай арбаға жармасып, оны талай жерге дейін шығарып салды, өзге балалар да қимай қоштасты, Садық ойнайық дегенде де ешкімнің ой-ынға зауқы болмады.
Кейде кешкілік, Аян айтқан ертегілерді қайталап та айтып жүреді, ол айтқан ертегілер әлі күнге дейін көбінің есінде қалған. Ешкіөлмес шоқысы - астында жалғыз көзді дәу ұйықтап жатқандай көрінеді. Жазға салым Жусандытөбеден қоңыр салқын самал есіп, жусан иісі аңқиды. Сол кезде Аян еске түседі.
«Ұлттық құндылықтар: Соғыс кезіндегі қарапайым ауылды көрсете отырып жетімді жылатпауға, мейірімділік пен қайырымдылыққа шақырады.
«Түсінік: Өмірден алынған, шынайы шығарма әр оқырманның жүрегінен орын алды десек те болады. Себебі автордың барлығын сипаттап, ерекше қы-зық қып жазуы, терең ойды жеткізе білуі оның шеберлігін көрсетеді. Сол оқиғаға еріксіз тартады.
«Өз ойым: Бұл ығарма маған өте қатты әсер етті десе болады, тіпті Аянның тағдырын оқи отырып, жылап алдым. Бала қиялы, сағынышы жусан иісімен берілген. Соңғы үміті жауқазындай жайрағанда жүрегіме қатты батты.
«Ұқсас шығарма: «Тортай мінер ақ боз ат» Оралхан Бөкей
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇