24.11.2024
  16


Автор: Жібек Ысқақова

Әйел ана, бар әлемді тербеткен,
Әйел ана әр жүрісін тең еткен.
Әйел ана өрнек өріп бұлттардан,
Кемпірқосақ бейнесінде сөйлеткен...

***

Кітап жарық әлем,
Оқысаңыз терең...

***

Кітапсыз күн қараң,
Жаңармайды санаң.

***

Кітап нұр боп шашылар,
Жарық әлем ашылар.

***

Сүймесеңіз кітапты,
Көре алмайсыз қыратты.
Кітап білім бұлағы,
Жұмыс берер тұрақты.

***

Кітабы бар адам,
Өмірде бай адам.

***

Кітабы жоқ адам,
Болып қалар надан.

***

Кітап жарық күн, айдай,
Күнді мәнсіз қылмайды-ай.

***

Кітапсыз өмір бос,
Болмайды көңіл қош.

***

Кітартардың әлемі,
Кітабы бар кәделі.
Жарық етер жаныңды,
Кітабым зор, әдемі! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу