Өлеңдер ✍️
Асыл әкем
Асыл әкем,ғасыр әкем қазынам,
Сырқаттансам сізді ойлаумен жазылам,
Дертім менің сағыныштан құралған,
Сізсіз әке талай сыннан шығарған..
Алтын Әкем ешбір байлық тең келмес,
Өзің жоқсың жүрек енді емделмес..
Мәңгі жара салып кеттің жаныма,
Қанағат ғып жүруші едім барыңа..
Балам десең көтеріліп еңсемде,
Қарсы тұрып беретіндей семсерге,
Еш қорқыныш бойламайтын тәнімді,
Өзің алып қалатындай жанымды.
Әкем бар деп,бас көтеріп жүруші ем,
Баладай боп қамсыз өмір сүруші ем,
Рахатқа бөлей алмай қалдым деп,
Өз өзімді өкінішпен тілуші ем..
Ұлдарым бар, дедің елге мақтанып,
Дұғаңменен қорғаушы едің сақтанып.
Бізді қатты жақсы көрген екенсің,
Ол жақта да, жәйлы жатыр ма екенсің??
Алтын әкем мінезімде ұқсапты,
Тағдыр маған өткір қанжар ұстатты.
Өткірлігі бұл өмірдің соншама?
Байқамайда қалдым қойған тұзақты.
Еш ауыр сөз сөйлемепсің, бір ауыз,
Бәрін енді еске алып тұрамыз.
Бар тәттіні аямадың біздер деп,
Енді кімнің көңілінен шығамыз..
Көп уақыт өткізбеппіз сізбенен,
Көп сырласып үлгермепсіз бізбенен.
Неге уакыт болмедік деп қиналса,
“”Жәннатында “”-деп үмітті үзбеген..
Жаным әкем !!!сағынышты жеткізе алмай өксідім,
Көз алдымда нар тұлғалы кескінің,
Ұрпағыңа аңыз ғылып айтамыз,
Қателессек кешір бізді кеш бүгін!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter