Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.11.2024
322

Қамығу
Ей, тəкаппар дүние, сындарың сенің көп пе еді,
Пендеге деген шапағат нұрың жоқ па еді.?!.
Шамама қарап жасаушы едім тірлікті,
Сұрамап едім Айды əпер деп көктегі.
Ауыр да болса, бұл дағы - өмір мектебі,
Деген жоқ едім, көбіне маған жетпеді.
Тəубе деп келем, шүкірлік етіп, тек қана,
Жаныма батар көзімді зағип еткені.
Біреулер бәлкім, шығар да маған өкпелі,
Олардың мүмкін, сезімі маған жетпеді...
Бəрінен де тым, жаныма қатты батқаны-
Сенген жандардың сырт айналып кеткені.
Қуанам бірақ, шабытым тастап кетпеді,
Жазғанымнан да жазарым менің көп пе еді?
Бұл да бір болса, Алланың берген сынағы,
Қинады-ау мені, тағдырдың қатал өткелі.
Омархан Алтынбек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇