Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.11.2024
30
Тас мүсін мен сырласу
( М.Мақатаев ескерткішінің алдындағы ой)
Айналсаң да бұл күні мүсін тасқа,
Ұлы ақын жоқ мен үшін сенен басқа.
Қырық бесінде өмірден өткен ақын,
Әлі күнге , мен үшін қырық бес жаста.
Саған лайық аспан тау тағы ғана,
Поэзия ол сенің бағың аға.
Бұқатаев дегендер бұл күндері,
Ілесе алмай келеді шаңыңа да.
Артық сөйлеу адамға жарасқан ба?
Саған айтам сырымды адасқанда.
Бұл күндері сағым боп кетті артыңнан.
Сырбай ақын, Тұманбай, Жарасқан да.
Тас ескерткіш, үдеріп тұр сыздана,
Ақын тілі жатқанда құнсыздана.
Жөндейтұғын соларды шамаң бар ма?
Деп тұрғандай тас мүсін үнсіз ғана.
Асқақтайды тас мүсін, күші тасып,
Келген жанның кетеді-ау құты қашып.
Кібіртіктеп мен дағы тұрып қалдым,
Тас мүсіннің кеткендей мысы басып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter