Өлеңдер ✍️
БІЗДЕР ДЕ КЕЛДІК 60-қа!!!
Сөзі: Омархан Алтынбекұлы
Әні: Марита Қабижанқызы
Орындаған: Қуаныш Тастанқұлов
Алпысқа келдік тұғырлы,
Кәрілік торы құрылды.
Кезімде өлең арнаған,
Қыздарым қайда бұрымды...
Ұнатып айтпай сырымды,
Жүремін жаттап жырымды.
Жымиған әрбір сөзіме,
Арулар қайда бұрынғы...
Қайырмасы:
Уақыт деген қас-қағым,
Алысқа аяқ басқаным.
Кешегі қайда жиырма бес,
Барады-ау өтіп жас шағым.
Кей кезде болды қол қысқа,
Жастығым қалды қай тұста.
Болса да біздің көңіл жас,
Келіп те қалдық алпысқа.
Ағарып шаш та бастағы,
Көңілде қаяу дастаны.
Қартайды мені демесін,
Сенімім алпыс жастағы...
Жырымды елге төккенім,
Бұрама жолдан өтпедім.
Айбарлы барыс жылында,
Мерейілі жасқа жеткенім.
Жас шіркін менің жүрегім,
Әлі де ойнап күлемін.
Мен жеткен асқар алпысты,
Баршаңа елім тіледім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter