12.10.2024
  36


Автор: Өскемен қаласы

Өскемен қаласы жайлы

Еліміздің шығысында етегін кеңге жайып, сұлунана орналасқан қала. Қала Ертіс өзені мен Үлбі өзендерінің құйылысында бекініс болып құрылған. Табиғаты өте тамаша жер, Шығыс Қазақстан облысына барсаңыз Өскемен қаласына соқпау мүмкін емес. Қала халқы шамамен 320 мыңды құрайды.
Негізінен Өскемен қаласы түсті металдарды өндіру үшін бекініс ретінде сонау бірінші Петр заманында құрылған қала. Қазіргі таңда түсті металдарды өндіруші ірі қалалардың бірі де, бірегейі. ШҚО әкімшілік орталығы, яғни облыс орталығы. Аймақтың салаларына назар салар болсақ түсті металдар өндіру мен көлік жасау қаланың басты кәсіптерінің бірі.
Сонымен қатар қалада «6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді»
Міне, осындай сандарды негіздейтін қаланың ішкі жағдайы Өскемен қаласының қарқынды дамып жатқандығын көрсетер. Қала расыменде ерекше, ерекше көріністерге ие.
«17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған. Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады. Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген. Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6,3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3,4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар» бұл сандық есепті де алып, санамызға түртіп қойсақ артық болмас, өйткені, білгенге маржан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу